нақты аумақтық байланыстылығы бар салықтық базадан алынатын салықтар жергілікті бюджеттерге бекітіледі;
3) Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейлерін теңестіру;
4) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтер көрсетудің бірдей деңгейін ұсынуын қамтамасыз ету;
5) мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсынудың тиімділігі мен нәтижелілігі - мемлекеттік қызметтер көрсетуді неғұрлым тиімді әрі нәтижелі қамтамасыз ете алатын мемлекеттік басқару деңгейіне мемлекеттік қызметтер көрсетуді бекіту;
6) мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсыну деңгейін оны алушыларға барынша жақындату - алушылардың қажеттерін барынша дәл есепке алу және мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыру мақсатында қызметтер көрсетудің атқарылуын бюджет жүйесінің мүмкіндігінше төмен деңгейіне беру.
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 44-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
44-бап. Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандары
1) республикалық және облыстық бюджеттердiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң арасында:
трансферттермен;
бюджеттік кредиттермен;
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер арасында:
трансферттермен;
бюджеттік кредиттермен;
кiрiстердi бөлу нормативтерімен;
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды
3) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет пен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің арасында:
трансферттермен;
бюджеттік кредиттермен реттеледі.
2. Бюджет деңгейлерi арасындағы трансферттер жалпы сипаттағы трансферттерге, ағымдағы нысаналы трансферттерге, нысаналы даму трансферттерiне бөлiнедi.
2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттерді жергілікті атқарушы органдар, осы Кодекстің 46-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жергілікті бюджеттер кірістерінің қысқаруына алып келетін шығындарды өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қоспағанда, тиісті бюджеттік бағдарламаларда айқындалған олардың нысаналы мақсатына сәйкес қана пайдаланады.
Осы Кодекстің 46-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жергілікті бюджеттер кірістерінің қысқаруына алып келетін шығындарды өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер төмен тұрған бюджеттердің түсімдерінде ғана көрсетіледі.
2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Нысаналы трансферттердің және бюджеттік кредиттердiң нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған сомалары мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қабылданатын аудиторлық қорытындыға сәйкес осы трансферттер мен кредиттердi бөлген жоғары тұрған бюджетке бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қабылданатын аудиторлық қорытындыға қол қойылғаннан кейiн үш айдан кешіктірілмей міндетті түрде қайтарылуға жатады.
2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен бөлiнгендерiн қоспағанда, республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы даму трансферттерінің қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша олардың нысаналы мақсаты сақтала отырып, келесi қаржы жылында пайдаланылуы (толық пайдаланылуы) мүмкiн.
Облыстың жергiлiктi атқарушы органының резервiнен бөлiнгендерiн қоспағанда, облыстық бюджеттен бөлiнген нысаналы даму трансферттерінің қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары облыстың жергiлiктi атқарушы органының шешiмi бойынша олардың нысаналы мақсаты сақтала отырып, келесi қаржы жылында пайдаланылуы (толық пайдаланылуы) мүмкiн.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының резервiнен бөлiнгендерiн қоспағанда, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен бөлiнген нысаналы даму трансферттерінің қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының шешiмiмен олардың нысаналы мақсаты сақтала отырып, келесi қаржы жылында пайдаланылуы (толық пайдаланылуы) мүмкiн.
2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Өткен қаржы жылында республикалық, облыстық немесе аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен бөлінген нысаналы даму трансферттерін пайдалану кезінде үнемдеу пайда болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының шешімімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері үнемдеудің тиісті сомасын ағымдағы қаржы жылының соңына дейін жоғары тұрған бюджеттен берілген нысаналы даму трансферттерін пайдалану жүзеге асырылған бюджеттік бағдарламалар нәтижелерінің көрсеткіштерін жақсарту үшін пайдалануға құқылы.
2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Өткен қаржы жылында бөлінген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының шешімімен пайдалануға (толық пайдалануға) рұқсат етілген нысаналы даму трансферттерінің қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке ағымдағы қаржы жылының соңына дейін қайтарылуға жатады.
Республикалық, облыстық немесе аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен бөлінген, олар бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы ағымдағы қаржы жылында одан әрі пайдалану (толық пайдалану) туралы шешім қабылдамаған нысаналы трансферттердің өткен қаржы жылында пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары жыл басындағы бюджет қаражатының қалдықтары есебінен ағымдағы қаржы жылының 1 наурызына дейін оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке қайтарылуға жатады.
2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды; 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Өткен қаржы жылында республикалық, облыстық немесе аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен бөлінген, ағымдағы нысаналы трансферттердің өткен қаржы жылында пайдаланылмаған сомалары жыл басындағы бюджет қаражатының қалдықтары және осы трансферттерді бөлген жоғары тұрған бюджетке төмен тұрған бюджеттен қайтару сомалары, пайдаланылмаған ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен ағымдағы қаржы жылының 1 наурызына дейін оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке қайтарылуға жатады.
45-бап. Жалпы сипаттағы трансферттер
1. Бюджет субвенциялары мен бюджеттік алып қою жалпы сипаттағы трансферттер болып табылады.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Республикалық, облыстық немесе аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетте бекітілген сомалар шегінде жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге берілетін трансферттер бюджеттік субвенциялар болып табылады.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Республикалық, облыстық немесе аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетте бекітілген сомалар шегінде төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджеттерге берілетін трансферттер бюджеттік алып қоюлар болып табылады.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі:
Қазақстан Республикасының заңымен — республикалық бюджет пен облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің арасында;
облыстық мәслихаттың шешімімен - облыстық бюджет пен аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің арасында;
аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет туралы шешімімен - аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет пен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің арасында жылдар бойынша бөліне отырып, үш жылдық кезеңге абсолюттік мәнде белгіленеді.
Сырғымалы негізде жыл сайын жоспарлы кезеңге белгіленетін аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет пен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін қоспағанда, жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері әрбір үш жыл сайын өзгертуге жатады.
Ағымдағы қаржы жылы ішінде аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет пен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер көлемдерін өзгертуге жол берілмейді.
2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-1-тармақ өзгертілді; 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 4-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-1. Жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы заңға (облыстық мәслихат шешіміне) немесе аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет туралы шешіміне тиісті саланың (аяның) орталық немесе жергілікті уәкілетті органдарының ұсынысы бойынша шығыстардың жекелеген бағыттарын жергілікті бюджеттен қаржыландырудың ең төмен көлемдері қоса беріледі.
Шығыстардың жекелеген бағыттарын жергілікті бюджеттен қаржыландырудың ең төмен көлемдерін тиісті саланың (аяның) орталық немесе жергілікті уәкілетті органдары айқындайды.
Жергілікті бюджеттен қаржыландырудың ең төмен көлемдері белгіленетін шығыстар бағыттары олардың басымдылығы мен әлеуметтік маңыздылығы ескеріле отырып айқындалады.
2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 4-2-тармақпен толықтырылды; 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 4-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 4-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 4-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4-2. Бюджетті атқару барысында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары шығыстардың жекелеген бағыттарын жергілікті бюджеттен қаржыландырудың ең төмен көлемдері белгіленген бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша қаражатты шығыстардың жекелеген бағыттарын жергілікті бюджеттен қаржыландырудың ең төмен көлемдерін айқындаған тиісті саланың (аяның) уәкілетті органымен келісу бойынша шығыстардың басқа бағыттарына қайта бөлуге құқылы.
Жергілікті атқарушы органдар шығыстардың жекелеген бағыттарын жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы заңда (облыстық мәслихат шешімінде) белгіленген ең төмен көлемдерден төмен көлемде жергілікті бюджеттен қаржыландырған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес оған енгізілген өзгерістер ескеріле отырып, белгіленген соманың өткен қаржы жылының қорытындылары бойынша тиісті қаржы жылының соңындағы төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарының жылдық сомасынан асып кеткен сомасы ағымдағы қаржы жылының 1 наурызынан кешіктірілмей жоғары тұрған бюджетке қайтарылуға жатады.
Жергілікті атқарушы органдар шығыстардың жекелеген бағыттарын жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы заңда (облыстық мәслихат шешімінде) белгіленген ең төмен көлемдерден төмен көлемде жергілікті бюджеттен қаржыландырған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес енгізілген өзгерістер ескеріле отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
5. Жалпы сипаттағы трансферттер бюджеттің әрбір деңгейі үшін осы Кодекспен бекітілген шығыстардың бағыттарына сәйкес мемлекеттік кепілдендірілген қызмет көрсетулерді ұсыну үшін өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейін теңестіруге және тең фискалдық мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған.
2013.15.04. № 89-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Жалпы сипаттағы трансферттерді айқындау кезінде өңірдің салықтық әлеуеті, өңірдегі көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді тұтынушылар саны және сол немесе өзге де өңірдің өзіндік ерекшелігіне байланысты көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұсыну жөніндегі шығыстарға әсер ететін факторлар ескеріледі.
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі тиісті жергілікті бюджеттің кірістері (трансферттерді шегергенде) мен шығындарының болжамды көлемдері арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін тиісінше мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар айқындайды.
8. Жергілікті бюджет кірістерінің болжамды көлемі шығындарының болжамды көлемінен асып түскен кезде жоғары тұрған бюджетке жергілікті бюджеттен бюджеттік алып қою белгіленеді.
Жергілікті бюджет шығындардың болжамды көлемі кірістерінің болжамды көлемінен асып түскен кезде жоғары тұрған бюджеттен жергілікті бюджетке бюджеттік субвенциялар белгіленеді.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-тармақ жаңа редакцияда; 2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын, жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптарының әдістемесі негізінде есептеледі.
Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы облыстың жергілікті атқарушы органы айқындайтын тәртіппен есептейді.
Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы айқындайтын тәртіппен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есептейді.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 9-1-тармақпен толықтырылды; 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 9-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен 9-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9-1. Үш жылдық кезеңге жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін белгілеу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері кірістерінің болжамын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
Үш жылдық кезеңге жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін белгілеу үшін аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері кірістерінің болжамын облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы айқындайды.
Жоспарлы кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін белгілеу үшін аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері кірістерінің болжамын жыл сайын сырғымалы негізде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы айқындайды.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 9-2-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9-2. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің жалпы сипаттағы трансферттерінің көлемдері:
1) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын, жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесіне сәйкес жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша нақтыланған жоспар ескерілген ағымдағы шығындардың көлемдері;
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган ұсынатын, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруге арналған ағымдағы шығындардың болжамды көлемі;
3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша тиісті салалардың (аялардың) орталық уәкілетті органдары ұсынатын, жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесіне сәйкес қалыптастырылатын көрсеткіштер мен коэффициенттер жөніндегі ақпарат;
4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша тиісті салалардың (аялардың) орталық уәкілетті органдары ұсынатын, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыруға бағытталған жергілікті бюджеттік даму бағдарламалары шығындарының болжамы жөніндегі ақпарат ескеріле отырып айқындалады.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптары жөніндегі қорытындының жобасын жасайды және оны Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 1 тамызынан кешіктірілмей аяқталады.
Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптарына берілетін ақпараттың негізділігі, анықтығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті салалардың (аялардың) орталық уәкілетті органдарының басшылары және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері жауапты болады.
Тиісті салалардың (аялардың) орталық уәкілетті органдары жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде қабылданған көрсеткіштерге, жергілікті бюджеттің базасына енгізілген нысаналы трансферттерге және жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы заңда белгіленген қаржыландырудың ең аз көлемдеріне бюджеттік мониторингті қамтамасыз етеді.
Тиісті салалардың (аялардың) орталық уәкілетті органдары тиісті бюджеттік бағдарламаның атқарылуы туралы талдамалық есепті қалыптастыру үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджеттік мониторингтің нәтижелерін жылдың қорытындылары бойынша жібереді.
Бюджеттік мониторингті жүргізу және тиісті бюджеттік бағдарламаның атқарылуы туралы талдамалық есепті қалыптастыру бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын әдіснамалық және әдістемелік тәсілдерге сәйкес жүзеге асырылады.
10. Жалпы сипаттағы трансферттер көлемінің есеп-қисабы кезінде жоспарлы кезеңде жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер, жергілікті атқарушы органның борышын өтеудегі шығындар ескерілмейді.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11. Жалпы сипаттағы трансферттерді аудару тәртібі мен кезеңділігін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 46-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
46-бап. Нысаналы трансферттер
1. Нысаналы трансферттер ағымдағы нысаналы трансферттерге және нысаналы даму трансферттеріне бөлінеді.
2. Жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемінің қолданылуы кезеңінде республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекітілген сома шегінде:
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге беретін, жергілікті бюджеттер шығыстарының ұлғаюына және (немесе) кірістерінің азаюына алып келетін, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) өкілді және атқарушы органдарының актілерін қабылдаудан туындайтын, төмен тұрған бюджеттердің шығындарын өтеуге бағытталған;
2) төмен тұрған бюджеттер жоғары тұрған бюджеттерге беретін, мемлекеттік органдар функцияларының мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейінен жоғары тұрған деңгейіне берілуіне байланысты жоғары тұрған бюджет шығыстарының ұлғаюына әкеп соғатын, заңнамалық актілерді, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін қабылдаудан туындайтын жоғары тұрған бюджеттердің шығындарын өтеуге бағытталған трансферттер ағымдағы нысаналы трансферттер болып табылады.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге жергілікті бюджеттік даму бағдарламаларын іске асыру үшін республикалық, облыстық, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетте бекітілген сомалар шегінде беретін трансферттер нысаналы даму трансферттері болып табылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Жергілікті атқарушы органдар нысаналы даму трансферттерінің сомаларын айқындау үшін тиісті жоғары тұрған органға жергілікті бюджеттік инвестициялардың тізбесі мен олар бойынша шығыстар сомаларын көрсете отырып өтінімдерді ұсынады.
2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда; 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Жергілікті бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығыстар берілетін нысаналы даму трансферттерінің көлемі ескеріле отырып, жергілікті бюджеттерде айқындалады.
Жергілікті бюджеттік инвестицияларды іске асыру үшін нысаналы даму трансферттері бюджеттік бағдарламаларда объектілер бойынша бөліне отырып, төмен тұрған бюджеттерге бір сомамен бөлінеді.
Жергілікті бюджеттік инвестициялар арасында нысаналы даму трансферттерін бөлуді жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті бюджеттерде осы мақсаттарға көзделетін қаржыландыру көлемін ескере отырып, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.
2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 5-1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-1. Жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттері бюджеттік инвестицияларды төмен тұрған жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен бөлінеді.
Төмен тұрған жергілікті бюджеттен бюджеттік инвестицияларды қоса қаржыландыру шарты білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жоба шеңберіндегі бюджеттік инвестициялық жобаларға қолданылмайды.
2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ жаңа редакцияда
6. Төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттері алдыңғы қаржы жылында бөлінген нысаналы даму трансферттері бойынша бюджеттік бағдарламаларда айқындалған жергілікті бюджеттік инвестициялардың тікелей нәтижелеріне қол жеткізілген кезде бөлінеді. Алдыңғы қаржы жылында тікелей нәтижелерге қол жеткізілмеген және жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру қамтамасыз етілмеген жергілікті бюджеттік инвестицияларды іске асыруға нысаналы даму трансферттері қайта берілмейді.
2012.23.11. № 55-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ жаңа редакцияда; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны қоспағанда, жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын, жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге немесе оған техникалық-экономикалық негіздемеде немесе үлгілік жобада көзделмеген қосымша құрамдауыштарды енгізуге байланысты жергілікті бюджеттік инвестициялардың сметалық құнының ұлғаюымен байланысты шығыстар тиісті жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде іске асырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялардың сметалық құнын ұлғайтуға байланысты шығыстар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобада көзделген жағдайларда және тәртіппен қаржыландырылады.
Жергілікті бюджетте қаражат жеткіліксіз болған кезде стратегиялық және (немесе) әлеуметтік маңызды мәні бар, республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен астанада іске асырылатын, жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге немесе оған техникалық-экономикалық негiздемеде немесе үлгiлiк жобада көзделмеген қосымша құрамдауыштарды енгiзуге байланысты жергілікті бюджеттік инвестициялардың сметалық құнының ұлғаюы бойынша, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1000000 еселенген мөлшерінен асатын шығыстар республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.